ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны бойынша...

Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны бойынша ынтымақтастықты талқылады

Әлеумет 31.03.2025, 13:39 705
Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны бойынша ынтымақтастықты талқылады
Сурет: Gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметінің...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметінің (GLAA) өкілдері Колин Нортон және Невилл Брэдберимен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Ұлыбританияға маусымдық жұмыстарға баратын Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде ҚР ұлттық заңнамасын ескере отырып, қазақстандық азаматтарды жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы әкету үлгісін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Асқарбек Ертаев елден тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Ұлыбританияның еңбекшілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға, атап айтқанда, Еңбекмині мен GLAA арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қосқан үлесін атап өткім келеді.

Біз қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуына және олардың қабылдаушы мемлекеттің еңбек нарығына табысты интеграциялануына қолайлы жағдайлар жасау біздің елдеріміз арасындағы жауапты және өзара тиімді ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі болып табылады деп санаймыз», – деді ол.

2023-2027 жылдарға арналған ҚР Көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктері қайта қаралды – Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бойынша олардың еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді және іске асырылуда.

Өз кезегінде GLAA өкілдері сапар, визаға өтініш беру туралы толық ақпарат алу рәсімі туралы, сондай-ақ қазақстандық азаматтардың Ұлыбританияға маусымдық жұмыстарға баруын ұйымдастыру процесіндегі өзге де маңызды сәттер туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар Ұлыбританияда жұмыс істеуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту туралы уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 11 ақпанында Лондонда өткен «Қазақстан – Ұлыбритания» Стратегиялық диалогы аясында Еңбекмині мен GLAA арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.