ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Қытайдың кедендік деректеріндегі айы...

Қазақстан мен Қытайдың кедендік деректеріндегі айырмашылық 85 млрд долларға жеткен

Әлеумет 11.02.2022, 09:13 1,629
Қазақстан мен Қытайдың кедендік деректеріндегі айырмашылық 85 млрд долларға жеткен
Сурет: Тotal.kz
Бұл - 1995 жылдан бергі сауда айналымындағы қаржылық алшақтық көрсеткіші.

Бұл - 1995 жылдан бергі сауда айналымындағы қаржылық алшақтық көрсеткіші.


Осынша қаржы Қазақстанға кедендік баж салығынсыз, ішкі салықтарсыз және сапалық бақылаусыз әкелінген тауардың құны, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Жақында ғана Президент тағы да кеден қызметіндегі жағдайға тоқталған. Мемлекет басшысының айтуынша, 2021 жылы Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасы арасындағы алшақтық 5,7 млрд долларды құраған. Керісінше, Қытай деректері бойынша, Қытайдың Қазақстанға экспорты 14 миллиард долларды құраса, біздегі деректер бойынша, «қытайлықтардың» импорты небәрі 8,3 миллиард долларды құрайды. Пайызбен есептегенде, сәйкессіздік 41 баллды құрайды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл көрсеткіш кедендегі жемқорлық пен контрабанданы көрсетеді.



Алғаш рет бұл мәселені жалпы жұртшылыққа Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры ұсынған, оның 2018 жылғы зерттеуі нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Қытайдың кедендік деректерінде $7 млрд (шамамен 60%) айырмашылық бар екені анықталды. Tradereport.Kz 2017 жылғы деректеріне сүйенсек, бұған кеден қызметтері арасында әр түрлі әдістердің болуы, сондай-ақ экспорт пен импортты есепке алудың әртүрлі мерзімдері себеп болуы мүмкін.




Мысалы, Қытай Қазақстан арқылы басқа елдерге өтетін тауарларды (транзитті) біздің елдің «пайдасына» тіркей алады. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, статистикадағы сәйкессіздіктердің 50 пайыздан астамы кеден органдарында сыбайлас жемқорлық белгілерінің бар екенін көрсетеді. Кейін зерттеуді Мәжілістің бір топ депутаты қолдап, осы мәселе бойынша сол кездегі Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады. Мұндай «шудан» кейін кеден деректеріндегі айырмашылық 60 пайыздан 41 пайызға дейін «жақсарғанын» мойындау керек.



Дегенмен, жеке өнімдердің статистикасын қарасаңыз, сәйкессіздік әлі де 90% жетеді және көбінесе «киім және аяқ киім» санатында.



Tradereport.Kz хабарлауынша, Қытаймен саудадағы статистикалық сәйкессіздік тек 2018 жылдан бері ғана басталмаған. Бұл мәселе тәуелсіздік ала сала-ақ басталады: 1998-1999 жылдары бұл айырма 75-83 пайызға жеткен!



Рас, ол жылдары Қытай импортының көлемі жарты миллиард долларға да жетпейді. Содан кейін сәйкессіздік деңгейі 2012-2013 жылдары 32-33% дейін азайған және 2017 жылға қарай 60% дейін күрт көбейіп кеткен.


Тиісті орындар бұл мәселе туралы бұрыннан білуі керек еді. Ал 5,7 миллиард долларлық айырмашылық - тек 2021 жылы белгілі болған көрсеткіш. Ал 1995 жылдан бергі сәйкессіздік 84 миллиард долларға жетті!


Бұл сәйкессіздіктің жартысы ғана әдіснамалық немесе транзиттік айырмашылық деп есептесек, 27 жылдың ішінде Қытайдан 42 миллиард долларға жуық тауар Қазақстан нарығына ешқандай кедендік баж салығынсыз, ішкі салықсыз, сапалық бақылаусыз кіргізілді! Бұлардың негізгі бөлігі күнделікті киімдер, халық тұтынатын тауарлар және балаларымыз ойнайтын ойыншықтар.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.