AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасы...

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124 рейске дейін ұлғайтылады

Әлеумет 21.06.2024, 15:53 876
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны аптасына 124 рейске дейін ұлғайтылады
Сурет: Ғаламтордан

Сиань қаласында Қытай - Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстан Республикасының авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қытай делегациясын Қытай азаматтық авиация әкімшілігі халықаралық қатынастар департаменті бас директорының орынбасары Бай Венли бастады.

Келіссөздер барысында екі елдің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту және жиіліктер бойынша қандай да бір шектеусіз жүк рейстерін орындау мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пунктер қосылды.

Өз кезегінде қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші "ауа еркіндігін" пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында алғаш рет "ашық аспан" режимі орнатылды, оның шеңберінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, аптасына 42 рейске дейін орындау құқығына ие болды.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қытайға рейстерді орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) болды.

Қытай Қазақстанның көптеген бағыттар бойынша стратегиялық серіктесі, осыған байланысты елдер арасындағы рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #Қазақстан #Азаматтық авиация комитеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);