ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдет...

Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдету жайлы келісімге келді

Билік 10.09.2022, 06:00 1,252
Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдету жайлы келісімге келді
Сурет: Inform.kz
Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының бірінші...

Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиевпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Екі елдің вице-премьерлері «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асырылу барысымен танысты.


Тараптар ИТЛК қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды 2022 жылғы қазанға дейін пысықтауға уағдаласты.


Айта кетейік, бірлескен ИСЛК құру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қарашадағы Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бесіші отырысының қорытындылары бойынша екі ел басшыларының тапсырмасына сәйкес әзірленді.


Сондай-ақ сапар аясында вице-премьер Қазақстан-Қырғыз сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты.


Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.



«Қазақстандық статистика деректері бойынша Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-маусымда $495,7 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық, оның ішінде экспорт – $303,3 млн, импорт – $192,3 млн», - деді Серік Жұманғарин.



Тараптар өзара сауданы ұлғайту мақсатында отырыс барысында қол қойылған «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру ниеті туралы өзара түсіністік туралы» меморандум шеңберінде Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ерте жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.


Сондай-ақ қол қойылған «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында тараптар сауда рәсімдерін жеңілдетуге, бизнес жүргізу шығындарын азайтуға келісті және елдер арасындағы электрондық құжаттармен өзара алмасудағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.