ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қазақстан мен Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Қазақстан мен Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастықты кеңейтуде

Әлем 26.06.2024, 20:52 567
Қазақстан мен Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастықты кеңейтуде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Оның ішінде – жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес.

Оның ішінде – жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес.

Ақпан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы мақсатта екі тарап "Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға" қол қойды. Оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатардың Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы Жол картасына қол қою жоспарланды.

Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының (Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы) басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Миснед мырза бастаған делегациясы Қазақстанға сапармен келді.

Іс-сапар аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының Президентімен екіжақты кездесуі өтті.

Іс-шара барысында тараптар екі елдің жемқорлыққа қарсы қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік органдардың басым бағыттары туралы мәселелер кешенін талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлықты жою, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды.

Сонымен қатар агенттік төрағасы жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбие, әсіресе балалар мен жастар арасында, сондай-ақ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға толығырақ тоқталды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігінде кездесу өтті, онда әкім Ерболат Досаев Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте бизнес алдында мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан үлкен жауапкершілікті арқалайды. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді рөл атқарады.

Аталған шарада Ұлттық банктің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Электрондық қаржы орталығының өкілдері цифрлық үкіметтің қызметі және мемлекеттік сатып алу жүйесін цифрландырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Қатар басшылығын 2024 жылдың соңына жоспарланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын жедел енгізу мақсатында Орталық Азия елдері үшін Өңірлік платформа Конференциясына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысынан 2024 жылғы қарашада Қатарда өтетін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияға шақырту түсті.

Кездесу аясында Қатардан келген делегация өкілдері еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарымен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жемқорлықтың себептері мен салдарын неғұрлым тиімді талдау, ынтымақтастықты нығайту және екі елдің дамуы мақсатында тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.