Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын шекара б...

Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын шекара бекеттері ашылды

Әлеумет 13.07.2022, 05:52 1,058
Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын шекара бекеттері ашылды
Сурет: Bookatour.me

Бір күнде шекара бекеттерінен 300-ден астам адам барыс-келіс жасаған.


Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларын байланыстыратын «Сырдария» және «Целиный» шекара бекеттері қайта ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.


Ашылған күні шекара бекеттерінен 300-ден астам адам барыс-келіс жасаған. Күні кеше аудан әкімі Бақыт Асанов бекеттердің жұмыс барысын қадағалап, жағдайымен арнайы танысты.


М-39 «Ташкент-Термез» дәлізінің бойында орналасқан шекара бекеттерін алдағы уақытта толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын аудан басшысы атап өтті.


Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталықтарын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар салу көзделіп отыр.


Сондай-ақ шекара бекеттерінің аймағына көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, кеңейту жоспары жасалатын болады.



«Қазіргі таңда Атакент кентінің маңындағы «Атамекен» кедендік бекетін «Целинный» шекара бекетіне көшіру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, Атакент кентінде жол қатынасын қиындата түсті. Мәселенің бірден бір шешімі - кедендік бекетті көшіру», - деді Бақыт Насырханұлы.



Айта кетейік, аудан әкімі сала басшыларына «М-39» халықаралық дәлізін жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру үшін ұсыныс хат дайындауға да арнайы тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #Бекет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.