AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперация ор...

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперация орталығын құрады

Әлеумет 05.02.2025, 10:50 740
Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік кооперация орталығын құрады
Сурет: видеодан скрин

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялады.

Құжатқа 2023 жылы 9 қарашада Ташкентте қол қойылған. Орталық өнеркәсіптік кооперация, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешені ретінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Парламент Мәжілісіне сілтеме жасап. 

Оның міндеттері – мемлекетаралық кооперативтік қатынастарды дамытуға қолайлы жағдай жасау, тараптардың шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарын халықаралық құн тізбегіне біріктіру, орталық аумағында құрылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басқалар. Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығы әрқайсысы 500 шаршы метр аумақты алатын, өз мемлекетінің құзырында болатын қазақстандық және өзбекстандық бөліктерден тұратын болады.

Қазақстандық бөлігін басқару Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне, ал өзбек бөлігі Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігіне жүктелді. Нысанның орналасқан жері «Атамекен» (Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттері маңындағы елдердің шекаралас аймақтары болып анықталды. Олар орталықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне өтетін адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерін жүргізу үшін пайдаланылады.

 Орталық аумағында шаруашылық субъектілері өндірістік кооперацияны дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыра алады. Келісімді ратификациялау елдердің өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге, инвестиция тартуға және сауда-экономикалық қатынастарды жақсартуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #өнеркәсіптік кооперация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);