AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты

Әлеумет 22.07.2024, 12:40 1,225
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе дәлізін ашты
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі.

Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс жасалған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейстер орындауда. 

Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді.

Айта кету керек, Т916 әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыты Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдері – «Узаэронавигация» МУК ұсынысы бойынша ашылды. Бұл бағыт ИКАО-ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілді.

«Қазаэронавигация» РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #әуе кеңістігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);