AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Корея арасында еңбек ету мақсатындағ...

Қазақстан мен Корея арасында еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелері талқыланды

Әлеумет 05.12.2023, 08:07 1,237
Қазақстан мен Корея арасында еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелері талқыланды
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті.


Тараптар екі ел арасындағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 


Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.



«Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақстандықтар еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымызды қорғауға мүдделіміз», — деді Тамара Дүйсенова.



Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (EPS) бойынша оқыту орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, салалық дағдылар, заңнаманы үйретеді.


Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #корея #көші-қон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);