конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты ке...

Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде

Саясат 11.11.2024, 14:54 1,050
Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан-Бразилия парламентаралық достық тобының бірінші отырысына қатысу үшін Астанаға сапары аясында Бразилияның федералды депутаты – «Қазақстан-Бразилия» парламентаралық достық тобының төрағасы Клаудио Кажадумен кездесті.

А. Рахметуллин бразилиялық депутатты ҚР-дағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырды, сондай-ақ жаһандық күн тәртібі мен халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл контекстіндегі еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ ол Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америка құрлығындағы маңызды серіктесі болып қала беретінін атап өтіп, парламентаралық диалог екі елдің саяси ынтымақтастығының негізгі тетігі болып табылатынына және Қазақстан мен Бразилия арасындағы қатынастардың барлық кешеніне қуатты серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде К. Кажаду қазақ дипломатын Бразилиядағы қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Оңтүстік Америка өңіріндегі соңғы үрдістермен таныстырды. Сонымен қатар федералды депутат Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі шешуші рөлін жоғары бағалады.

Сондай-ақ келіссөздер күн тәртібінде Бразилиа қаласында алтыншы сімаралық саяси консультацияларды табысты өткізу контекстінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ биылғы жылы Порту-Алегри қаласында «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің III отырысы мәселелері тұрды. Сұхбат барысында 2025 жылы Бразилияда өтетін COP30 климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция аясында екі елдің тығыз ынтымақтастығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу барысында тараптар «Қазақстан-Бразилия» достық тобының алдағы бірінші отырысының өзекті мәселелерін талқылады және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы саяси өзара іс-қимылды дамытуға өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Бразилия #парламентаралық диалог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);