ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы ө...

Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы өткен жылы 390,8 млн долларға жетті

Әлеумет 03.06.2022, 16:09 1,703
Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы өткен жылы 390,8 млн долларға жетті
Cурет: Gov.kz
Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл

Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл 


2021 жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 390,8 млн АҚШ долларына жетті. 2022 жылдың алғашқы 3 айында бұл көрсеткіш 36,65 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
5 маусымда Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Айтулы оқиғаға орай екі мемлекеттің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев, сондай-ақ Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Болгария Сыртқы істер министрі Теодора Генчовска өзара құттықтау хат алмасты. Нұр-Сұлтан мен Софияда мерейтойға орай екі мемлекеттің сыртқы істер министрліктерінде ресми кездесулер өтті. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Болгария Елшісі Боян Хаджиевті, ал Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары Васил Георгиев Қазақстан Елшісі Теміртай Ізбастинді қабылдады. 



«Тарихи меже бойынша осындай қысқа кезең ішінде сенімді саяси диалог қалыптасып үлгерді. Ол ілгері дамып келеді, бұған екіжақты күн тәртібіндегі проблемалық мәселелердің жоқтығы және жоғары және биік деңгейлердегі байланыстардың тұрақты динамикасы дәлел бола алады», – деп атап өтті.Р. Василенко.



Дипломаттар алдағы жылдары жан-жақты ынтымақтастық саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі кеңейе беретініне сенім білдірді. Екі ел арасында жоғарғы және үкіметтік деңгейде тұрақты байланыстар орнатылғанын, сондай-ақ парламентаралық диалогтың қарқынды даму серпінін ризашылықпен атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Қазақстан, Болгария үшін Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Сонымен бірге, Болгария Қазақстанның Балқан өңірі мемлекеттері арасындағы топ-5 сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сондай-ақ инвестиция саласындағы өзара іс-қимыл жоспарлы түрде дамуда. Қазақстан экономикасына болгар инвестицияларының жиынтық жалпы ағыны 2005-2021 жылдар аралығында 55,8 млн долларға жетті. Бұл шама күннен-күнге артып келеді. Туризм және ауыл шаруашылығы секілді салаларда перспективалы бірлескен жобаларды дамыту үшін үлкен әлеует бар. Екі ел бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқанына қарамастан, оларды ортақ тарихи тағдыр біріктіріп отыр. Қазақстанның шыққан тегі болгар азаматтары ел өмірінің белсенді қатысушылары болып табылады. Болгарлардың ұлттық тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту мақсатында Қазақстанда болгар этномәдени бірлестіктері Ақтөбе облысындағы «Вяра», Нұр-Сұлтанда «Злата», Павлодар облысында «Славяне» және Атырау облысындағы «Возрождение» орталықтары ашылды. Павлодар облысында К. Б. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімі табысты жұмыс істеуде. ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі кездесудің қорытындысы бойынша екі мемлекет және халықтар арасында өзара тиімді ықпалдастық пен достықтың алдағы уақытта да қарышты дамуына ортақ сенім білдірілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.