AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Беларусь ауылшаруашылық саласындағы...

Қазақстан мен Беларусь ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті

Әлеумет 15.12.2023, 14:25 1,282
Қазақстан мен Беларусь ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті
Сурет: ашық дереккөз

14 желтоқсанда Ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын әзірлеу жөніндегі Қазақстан-Беларусь бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.


Қазақстан тарапынан тең төраға ретінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, Беларусь тарапынан ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Иван Смильгинь сөз сөйледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Әбілхайыр Тамабек өз сөзінде АӨК саласындағы өзара іс-қимыл екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. 2023 жылдың 9 айында Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 173,9 млн долларды құрады, бірақ Беларусь тауарларының импорты қазақстандық тауарлардың экспортынан әлдеқайда асып түсті.


Сондықтан Қазақстан тарапы өз өнімдерін Беларусь нарығына тиімді жеткізуді жолға қоюға, сортты сынау және өсімдіктерді құқықтық қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, аграрлық ғылым мен білім беру саласындағы бірлескен жұмысқа мүдделі.


Тараптар мал шаруашылығы саласында, атап айтқанда, сүтті мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Екі елдің өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында сүт өнімдерін өндіру кешендерін салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.


Сондай-ақ Әбілқайыр Тамабек 2024 жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы көрмелерінің тізімін алмасуды ұсынды. Иван Смилгин өз тарапынан Қазақстанды Беларусь агроөнеркәсіптік апталығына шақырды, Апталық аясында «Белагро-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік көрмесі өтеді. Сонымен қатар, екі ел ауыл шаруашылығы саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды.



"Бүгін біз нәтижелі және мазмұнды диалог өткіздік. Жұмыс тобының кезекті отырысы біздің сіздермен АӨК саласындағы өзара іс-қимылымыздың тұрақты әрі нәтижелі екенін айқындап берді. Сіздермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар ден санаймын", - деді Әбілқайыр Тамабек.



Кездесу соңында Қазақстан мен Беларусь өкілдері отырыс хаттамасына қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #келісім #Кәсіп #сүт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);