Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжіриб...

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Әлеумет 12.04.2023, 19:00 924
Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты
Сурет: Ашық дереккөз

Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі көрсетілді


Астанада әскери топография, геодезия, картография және навигация мәселелері бойынша Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының қызметтері арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Екі күн бойы әріптестер жергілікті жер туралы және картографиялық, әскерлерді жауынгерлік қамтамасыз ету жүйесінде білімді іс жүзінде қолдану туралы ақпарат беру саласында тәжірибе алмасты. Тараптар одан басқа басқару органдарының шешімін қабылдауды қолдау жүйесіне арнайы техника мен геоақпараттық технологиялардың перспективалық үлгілерін жобалау, құру және енгізу мәселелерін талқылады.


Беларусь армиясының атынан Қарулы күштердің навигациялық-топографиялық қызметінің бастығы – РБ ҚК Бас штабының навигациялық-топографиялық басқармасының бастығы полковник Алексей Баканов қазақстандық тараптың шақыруымен келгенін атап өтті.



– Жұмыс кездесуі барысында біз әскерлерді жергілікті жер туралы заманауи ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібінің мәселелерін қарастырдық, жергілікті жер туралы ақпаратты қамтамасыз ету және жасау бойынша бағдарламалық аппараттық құралдардың қалай қолданылатынын талқыладық. Шара алғаш рет Қазақстан аумағында өтіп отыр. Мұндай өзара іс-қимыл осындай қызметті дамыту үшін нәтижесін береді деп ойлаймын, – дейді ҚР ҚК Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев.



Беларусь делегациясы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында беларусь елінен келген қонақтарға Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі көрсетілді. Ал Astana IT University делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасында геоақпараттық қамтамасыз ету кадрларын даярлаудың оқу процесін көрсетті. Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығында беларусь әскерилері Қазақстан Республикасындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық өніммен танысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Топограф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.