ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Әзербайжан Алакөлде санаторлық-курор...

Қазақстан мен Әзербайжан Алакөлде санаторлық-курорттық кешен салмақ

Әлеумет 23.06.2025, 14:44 680
Қазақстан мен Әзербайжан Алакөлде санаторлық-курорттық кешен салмақ
Елшілік
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика,...

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика және құрылыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Әлім Байел екі ел арасындағы тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында бұл өсім 20% құрады. Әсіресе, 2025 жылы Қазақстанның алғаш рет Әзербайжанға негізгі бидай жеткізушіге айналып, осы елдің астық импортының 88% қамтамасыз еткені үлкен қанағат сезімін тудырады.

Өз кезегінде Микаил Джаббаров Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту Әзербайжан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Осы орайда ол Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ), Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту, Қазақстанның энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы тасымалдау және Каспий теңізінің түбімен электр кабелін тарту сынды ірі бірлескен жобалардың іске асырылуын жоғары бағалады. Бұл жобалар геоэкономикалық тұрғыдан бүкіл өңір үшін маңызды.

Елші Ә. Байел Қазақстан басшылығы Әзербайжанмен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Осы тұрғыда ол Қазақстанда инфузиялық ерітінділерді бірлесіп өндіруді жолға қоюды ұсынды. Сонымен қатар, Әлім Байел Әзербайжан тарапына Алакөл жағалауында сауықтыру-курорттық кешенін салуды ұсынды. М. Джаббаров бұл бастамалар бойынша ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді. Тараптар жобаларды іске асырудың тетіктерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар салу бағытында құрылыс компанияларының қызметін кеңейту мәселесін талқылады. Қазір Қазақстанның бірқатар компаниясы Әзербайжанда медициналық және тұрғын үй нысандарын салуды бастап кеткені ризашылықпен аталып өтті. Қазақстан аумағында да осы бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.