ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен АҚШ сауда, инвестициялық ынтымақтаст...

Қазақстан мен АҚШ сауда, инвестициялық ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады

Саясат 07.12.2022, 12:17 1,331
Қазақстан мен АҚШ сауда, инвестициялық ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады
Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен АҚШ Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лудың тең төрағалығымен Кеңейтілген...

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен АҚШ Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лудың тең төрағалығымен Кеңейтілген стратегиялық серіктестік комиссиясының (КССК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, сындарлы және сенімді пікір алмасу барысында тараптар 2022 жылдың бірлескен жұмыстарының қорытындыларын қарастырып, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жоспарларын белгілеп, саясат, қауіпсіздік, сауда және инвестиция, сондай-ақ адами өлшем салаларындағы екіжақты басымдықтарының ортақтығына назар аударды.


Қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құру жөніндегі күн тәртібіндегі міндеттерді кешенді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі табандылығын атап өтті. Өз кезегінде америкалық тарап Қазақстандағы демократиялық реформаларға практикалық көмек көрсетуге деген ниетін қуаттады.


Тараптар Джексон-Вэник түзетуінен бас тартудың және Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнатудың маңыздылығын атап өтті, бұл сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай серпін береді.


Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша тараптар КССК Бірлескен мәлімдемесін қабылдады.


Қ.Омаровтың сапары барысында АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен өткен кездесулер екі ел арасындағы саяси диалогты жандандыруға екі жақтың да ұмтылысын атап өтті.


АҚШ Мемлекеттік хатшысының Халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау жөніндегі көмекшісі Элиот Кангпен және Энергетика министрінің көмекшісі Эндрю Лайтпен өткен келіссөздер тараптардың жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атом энергетикасын дамытудағы тұрақтылық және ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз етудегі практикалық өзара іс-қимылына арнады. Тараптар халықаралық ұйымдар мен режимдер шеңберінде күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы туралы келісті, сондай-ақ Мемлекет басшысының Халықаралық биоқауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын жүзеге асырудың тәсілдерін егжей-тегжейлі талқылады.


Қ. Омаровтың АҚШ Сауда өкілінің көмекшісі Кристофер Уилсонмен кездесуі қазақстандық тауарлардың америкалық нарыққа қол жеткізуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік құқығын қорғау, цифрлық коммерцияны дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.


Конгрестің Өкілдер палатасы Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Майкл Макколлмен кездесуде тараптар стратегиялық серіктестікті арттыру үшін парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.


Сапар барысында қазақстандық дипломат Джордж Вашингтон университетінде өткен «Орталық Азия: XXI ғасырдағы энергия көзі» зерттеуінің тұсаукесерінде де бас спикер болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.