AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан колледждерінде оқу мерзімі өзгертілетін...

Қазақстан колледждерінде оқу мерзімі өзгертілетін болды

Әлеумет 01.12.2022, 10:29 1,140
Қазақстан колледждерінде оқу мерзімі өзгертілетін болды
Сурет: Inform.kz

Студенттердің алған білімдері тәжірибе жүзінде қолданыла бастайды.


Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің колледждеріне академиялық еркіндік берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство басшысы колледждердің академиялық еркіндігі туралы түсіндіріп берді.



«Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде колледждер жалпы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты болатын. Олардың мазмұнын 50%-ға дейін өзгертуге рұқсат етілді. Сондай-ақ оқу жоспарының бөліктері оқу мерзіміне байланысты болатын. Ал жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл көбіне ресми болып, кәсіби тәжірибелерді жүргізу және олардың мемлекеттік аттестация комиссияларының құрамында болуы қажет болды. Оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілердің колледждермен бірлесіп жұмысқа қабылдау кезінде олардың сұраныстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары мен практикалық сабақтарды әзірлеуге толық мүмкіндігі болмады. Енді колледждерге берілген академиялық еркіндік бұл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Ал студенттердің алған білімдері тәжірибе жүзінде қолданыла бастайды», – деді министр.



Оның айтуынша, жаңа ережелер бойынша жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни колледждер оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жалпы бекітілген стандарт бойынша емес, еңбек нарығының, кәсіптік стандарттың, өңірлік ерекшеліктердің және т.б. сұраныстарына қарай әзірлей алады.


Бұған қоса колледждерге оқу мерзімін анықтау құқығы берілді. Егер бұрын оқу мерзімі екі жылдан төрт жылға дейін өзгеріп, нақты бекітілсе, енді ол мамандықтың ерекшелігіне және оқу нәтижелеріне байланысты болады. Нәтижесінде колледждерде студентке бағытталған орталық қағидасы қамтамасыз етіледі.



«Сондай-ақ студенттердің мамандықты таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді. Біз стейкхолдерлердің (мүдделі тарап) өздерін тарта отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу олардың колледждердегі білім сапасына көзқарасын жақсарта түседі деп есептейміз. Колледждердің білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесіп әзірлеу алгоритмі қандай болады? Ол мамандықтар бойынша қажетті құзыреттерді анықтауды, кәсіптік стандарттардың талаптарына және жұмыс берушілердің үмітіне сәйкес келетін оқыту нәтижелерін анықтауды; құзыреттердің өзара байланысын, бағалау әдістері мен өлшемдерін анықтауды; білім алушылардың қажеттіліктерін зерттеуді; білім беру бағдарламасын толыққанды іске асыру үшін ресурстарды айқындауды қамтиды. Әзiрленген бiлiм беру бағдарламалары сараптамадан өтіп, одан кейін барлығына қолжетімді бiлiм беру бағдарламаларының электронды тiзiлiмiне енгiзіледі», – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #Қазақстан #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);