Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан жақын арада өнеркәсіп саласында елеулі к...

Қазақстан жақын арада өнеркәсіп саласында елеулі кадр тапшылығына тап болуы мүмкін

Әлеумет 03.05.2022, 10:31 1,469
Қазақстан жақын арада өнеркәсіп саласында елеулі кадр тапшылығына тап болуы мүмкін
Сурет: Qazaqtv.com

Үш жылдан соң сектор шамамен 200 мыңға дейін маманның жетіспеуін сезінуі ықтимал. 


Сарапшылардың айтуынша, кәсіпорындар бүгіннің өзінде  кем дегенде 18 мың бос орынды жабуы керек. Ал, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 60%-ға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары бар гәп бәсекеге қабілетсіз жалақы, «қызметкерлердің қартаюы» және жастар үшін жұмысшы кәсіптерінің  тартымсыз болуында  деп санайды. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде қазір жұмыспен қамтылған жастардың үлесі бар болғаны 20% құрайды.



"Неліктен тапшылық бар? Әрине, бұл ең алдымен жалақының төмендігімен байланысты. Мәселен, бүгінде электрондық еңбек биржасында өнеркәсіп саласында 6 мыңға жуық бос жұмыс орны бар.  Ондағы орташа жалақы 130 мың теңгеге жуықтайды. Әрине, еңбек ақысы миллион теңгеге дейін жететін инженерлер бар, бірақ механик, техник сынды сұранысқа ие,  яғни 2-3 жыл оқыған мамандардың ең төменгі айлығы шамамен 60 мың теңге бағаланады. Сондықтан бүгінгі  жалақы көтерілмей кәсіпорындар көп ұзамай кадрлық тапшылықты бастан кешіретіні сөзсіз", - дейді ҚР ехәқм еңбек ресурстарын дамыту орталығының Басқарушы директоры Александра Молчановская.



Жұмыс жоқ емес, бар. Мамандар да жеткілікті. Алайда, сұраныс жұмыс берушінің ұсынысына сәйкес келмей, техникалық мамандар өзге кәсіпті меңгеруге мәжбүр.



"Жастардың 40%  жуығы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ия, олар 2-3 жыл оқыды, араларында техникалық грант алғандары бар. Тек кейін бұл кәсіптің өте төмен бағаланатынын көреді. Сондықтан, жұмыс кестесі өзіне қолайлы, айлығы бірнеше есе жоғары қызмет көрсету саласына кетуге мәжбүр болады. Әрине, әркім өзіне тиімдісін таңдайды ғой", - дейді ҚР Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Басқарушы директоры Александра Молчановская. 



Бұл орайда айта кетерлік жайт, өнеркәсіп саласындағы бос жұмыс орындарының үштен бірінен астамы еліміздің үш өңіріне тиесілі. Кадрларға деген ең жоғары қажеттілік Қостанай, Қарағанды, және Алматы облыстарында тіркелген. Сонымен қатар, соңғы уақытта қаржы және сақтандыру қызметі, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, көлік және қоймалау саласында маман тапшылығы байқалады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кадр тапшылығы #өнеркәсіп саласы #жетіспеушілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.