AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Халықаралық армия ойындарында жалпыкоман...

Қазақстан Халықаралық армия ойындарында жалпыкомандалық 3-орын алды

Әлем 28.08.2022, 08:05 1,198
Қазақстан Халықаралық армия ойындарында жалпыкомандалық 3-орын алды
Сурет: Inform.kz

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы Халықаралық армия ойындарында төрт алтын, бір күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылуы өтті.


Шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысты.


Ойындардың бейресми командалық есебінде Қазақстан құрамасы Ресей мен Өзбекстан елдерінен кейінгі үшінші орынды иеленді.


Атап айтсақ, Қазақстан командасы Жамбыл облысында өткен «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында алтын медаль алды. Әскери қызметшілеріміз Қарағанды облысында «Тактикалық мерген» байқауында да бірінші орын алды. Сондай-ақ үздік нәтиже Ақмола облысының «Меридиан» сайысында, Арменияда өткен «Бейбітшілік жауынгері» сайысында тіркелді.



Бұдан бөлек, Қазақстанның әскери теңізшілері Әзербайжандағы «Теңіз кубогының» күміс жүлдесін жеңіп алды.


Кабардино-Балкариядағы «Эльбрус шеңбері» байқауында әскери альпинистеріміз бірқатар күрделі тапсырманы орындап, төртінші орынға ие болды. Тартысты жарыста Ресей, Өзбекстан және Қытай қарсыластары үздік шықты.


«Танк биатлонының» ақтық сынына бір қадам қалғанда қазақстандық танкистер жартылай финал эстафетасында қытайлық әскери қызметшілерге жол берді.



Айта кетейік, VIII Халықаралық армия ойындары 12 елдің 30 полигонында өтті. «АрХО-2022» бағдарламасы далалық, әуедегі және теңіздегі жауынгерлік машықты көрсету бойынша 34 байқаудан тұрды.



Қазақстандық әскери қызметшілер жеті байқауда бағын сынады, олардың үшеуі ел аумағында өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Халықаралық армия ойындары #Қазақстан құрамасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);