AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери...

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Әлеумет 25.09.2026, 10:13 283
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінің бизнес өкілдері болып табылатын Кеңестің 17 мүшесі қосылды. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына берілетін болады.

Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды.

SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға көмекке 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге бөледі. 10 млн теңгеден Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев бөледі. 5 млн теңгеден Геннадий Зенченко, Акбаржон Исмаилов, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов жібереді. Бастамаға Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев та қосылды – олардың әрқайсысы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға 1 млн теңгеден бөледі.

Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, барлық қажетті көмек ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Біздің әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен үлкен адамзат қасіреті. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне оралуын тілеймін», – деп атап өтті.

Қайырымдылық бастамасы Алматы жұртшылығы үшін де маңызды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған мұндай шаралар қоғамдағы өзара жанашырлық пен жауапкершілікті күшейтеді. Алматыдағы бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдар да осындай бастамаларға атсалысып, алматылықтар ел көлеміндегі қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан Халық Кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);