ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқының достығы: Алматыда ең ұзын лағма...

Қазақстан халқының достығы: Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, елімізде жаңа рекорд орнатылды

Әлеумет 01.05.2025, 18:45 609
Қазақстан халқының достығы: Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, елімізде жаңа рекорд орнатылды
Алматы қаласы әкімдігі
Қазақстан халқының Бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті. Айнабұлақ шағын ауданындағы №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын -...

Қазақстан халқының Бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті. Айнабұлақ шағын ауданындағы №4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын - 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Бұл жетістік жай ғана гастрономиялық оқиға емес, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісімнің нағыз символына айналды. 19 келі ұннан қамыр иленді, ал 50 - ден астам қатысушы - аспаздар мен аудан тұрғындарының күшімен тағам екі сағаттың ішінде дайындалды. Түрлі этностардың өкілдері ортақ қазақстандық дастархан үшін бірлік рухын көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеді.

Қазақстан Рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы: «Лағман қанша метр болса да рекорд орнатылды, өйткені мұндай іс-шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Біз кеспенің ұзындығын ғана емес, ұлтаралық байланыстардың беріктігін де бекітеміз»,- деді.

Дәл осы күні бір үстелге қазақтар, ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер, корейлер және басқа ұлт өкілдері жиналды. Біреу қамыр иледі, біреу оны жайды. Бұл жиналғандар үшін нағыз мерекеге айналды, онда әркім өзін үлкен, тату отбасының бір бөлігі ретінде сезінді.

«Қатысушылардың алдында қамырдың жыртылмауын қамтамасыз ету қиын міндеті тұрды. Қиындықтарға қарамастан, біздің аспаздар оны өте жақсы орындады», - деп атап өтті Алматы қаласы Жетісу ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Омарова.

Аспаздық іс-шараға қатысушылардың бірі Зухра Измасова өз әсерлерімен бөлісті. Ол жарыстың қиын болғанын мойындады: «Сәл ауыр, тым ұзын лағман, бірақ тапсырма неғұрлым қиын болса, соғұрлым қызықты болады» -, деді ол.

Жетісу ауданының Ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шәкірова өз кезегінде іс-шараның жұмысшы мамандықтар жылына арналғанын атап өтті: «Жетісу ауданында көптеген қоғамдық тамақтану орындары шоғырланған. Бүгін шығыс тағамдары аспазшыларының жұмысы көрсетілді. Мұндай кереметті әркім жасай алмайды. Жұмысшы мамандықтарын бағалай білу керек»,- деді ол.

Іс-шараны Жетісу ауданының тұрғындары мен этномәдени орталықтары Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырды. Лағман жай ғана дәмді тағам ғана емес, ортақ мәдени жадының, дәстүрдің, тарихтың және болашақтың символына айналды, деп атап өтті Жетісу ауданының әкімдігінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,300 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.