AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан халқына» қорының қаражаты қалай жұмсал...

«Қазақстан халқына» қорының қаражаты қалай жұмсалуда?

Әлеумет 04.04.2022, 05:37 1,211
«Қазақстан халқына» қорының  қаражаты қалай жұмсалуда?
Сурет: 7-su.kz

Қор есебінен бөлінген 3,7 млрд теңгеге 4 балаға препарат сатып алынды


"Қазақстан халқына" қорының есебінен омыртқа бұлшық етінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстан аумағында тіркелмеген ZOLGENSMA препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңге төленген, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қордың ресми сайтының хабарлауынша, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында жұмсалған ақшаның есебі қаралған.


25 наурыздағы жағдай бойынша, қордан қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. Оның ішінде:


- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 133 млн теңге;


- ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн теңге;


- қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн теңге;


- қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн.


«Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», - деп жазылған мәліметте.


Сондай-ақ, омыртқа бұлшық етінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстан Республикасында тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңге төленген.



«Науқастар ауруханаға жатқызылды.Әр науқасқа дәрілік затты жеке өндіру үшін биоматериалдар алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда», - деп жазылған қордың сайтындағы ақпаратта.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан халқына #қор #қайырымдылық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);