AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Қазақстан халқына" қорына 126 млрд теңге қаржы тү...

"Қазақстан халқына" қорына 126 млрд теңге қаржы түскен

Әлеумет 13.04.2022, 11:44 1,295
"Қазақстан халқына" қорына 126 млрд теңге қаржы түскен
Сурет:Astana.zagranitsa.com

Қомақты қаражат аударған орта кәсіпорындар да баршылық.


«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы аталған қордың төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сідтеме жасап.



«126 млрд теңге түсті, оның негізгі бөлігі ірі төлемшілерден болды. Сонымен қатар, қомақты қаражат аударған орта кәсіпорындар да баршылық. Біздіңше, осы кәсіпорындар биылға арналған жоспарларын орындап шықты», - деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.



Сонымен қатар ол жеке адамдар да өз қаражатын бағыттап жатқанын атап өтті.



«Қазіргі кезде қор қаражатын толықтыруға қатысты басқа бағыттардан келіп жатыр. Яғни, қаражат шағын сомада жеке адамдардан жіберіліп отыр. Олар Kaspi.kz арқылы мүмкіндігінше ақша бөлгенін көріп жатырмыз», - деді Болат Жәмішев.



Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасында қаза болған 13 адамның туыстарына қордан қаражат аударылмақ.



«Бүгінде қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңгені құрады», - деді Л. Шыңғысбаева.



Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінгенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #қаражат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);