AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқы Ассамблеясы — тұрақтылықтың темірқ...

Қазақстан халқы Ассамблеясы — тұрақтылықтың темірқазығы

Әлеумет 02.05.2025, 10:42 822 Альфараби Масалим Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы
Қазақстан халқы Ассамблеясы — тұрақтылықтың темірқазығы
24 kz

Адамзат өркениетінің сан ғасырлық тарихы - бейбітшілік пен татулыққа негізделмеген қоғамның берекесі қашатынын әлдеқашан дәлелдеген. Түрлі мәдениет пен діннің, дәстүр мен салттың түйіскен жерінде ортақ құндылықтарды сақтау - кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы үшін басты шарт.

Осы тұрғыда Қазақстан – бүкіл әлемге үлгі бола алатын дара мемлекет. Себебі бұл жерде сан түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында жарасымды ғұмыр кешіп келеді. Олар бір ғана Отанның игілігі үшін еңбек етіп, елдік мүдде жолында жұмылған.

Күнтізбедегі 1 мамыр – жай ғана мейрам емес. Бұл – көкірегі ояу, жүрегі елге толы әрбір азамат үшін ерекше рухани мәні бар тағылымды күн. Еліміздегі рухани тұтастықтың, тарихи сабақтастықтың, мәдени әртүрлілікпен байытылған біртұтас қоғамның көрінісі – Тәуелсіз елдің кемел болмысын танытатын тарихи белес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің бірқатар сөздерінде:

«Қоғамдағы ең басты байлығымыз – ынтымағы жарасқан халық. Тұрақтылық пен бейбіт өмір – ешқандай байлықпен өлшенбейтін игілік», – деп атап көрсеткен болатын. Бұл пайым – келешек ұрпақ үшін бағыт-бағдар бола алатын тұғырлы тұжырым. Ұлттың өркендеуі мен мемлекеттің дамуы ең алдымен ел ішіндегі татулық пен бірліктің беріктігіне байланысты. Кең сахараны мекендеген қазақ жұрты тарихтың талай тауқыметін басынан кешірсе де, ешқашан бөтенді жатсынған емес. Қуғын-сүргін замандарында жер ауып келген халықтарға қол ұшын созып, бауырына басқаны - бүкіл ұлттың адамгершілік қасиетінің биік үлгісі.

 Елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатырған жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің әрқайсысы өзінің тілін, ділін, дәстүрін сақтап қана қоймай, Қазақстанның кемел келешегіне үлес қосып келеді. Мінеки, осы бірегей үрдіс – Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы жүйеленіп, жаңа деңгейде, этностар арасындағы байланысты нығайтатын, ел ішіндегі бірегейлікті қалыптастыратын күшті құрал. 
2024 жылғы сессияда Президентіміз:
«Ассамблея – ел бірлігін нығайтудың қуатты тетігі. Ол мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып қала береді», – деп оның маңызын айрықша атап өтті.

Бүгінгі қоғам – көпмәдениетті, көптілді орта. Ортақ тағдырдың иелері ретінде барша қазақстандықтардың жауапкершілігі зор. Себебі кез келген елдің келешегі - ұрпақтың бойына сіңірілген құндылықтармен өлшенеді.

Бірлігі жарасқан ел – кез келген тарихи сынақты жеңіп шыға алады. Яғни, мызғымас ынтымақ пен халықтар арасындағы татулық – біздің ең үлкен жетістігіміз. Осы игілікті сақтау, ұлтжандылық таныту – әрбір азаматтың парызы. 
Ендеше, әлемге үлгі боларлық татулықтың туын биікте желбіретіп отырған елдің болашағы да жарқын.

Сондықтан бұл мереке – тек күнтізбедегі атаулы күн емес, жүрек түкпіріндегі мақтаныш, болашаққа бағытталған сенім, биік арманның көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ассамблея #1 мамыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);