AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан ғалымдары сирек өсімдіктерді тың тәсілме...

Қазақстан ғалымдары сирек өсімдіктерді тың тәсілмен көбейтуде

Өмір-өзен 15.07.2022, 09:14 1,607
Қазақстан ғалымдары сирек өсімдіктерді тың тәсілмен көбейтуде
Сурет: Agrodom.com


Қазақстандық ғалымдар Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді тың әдіспен көбейтіп жатыр.


Ұлттық биотехнология орталығында мамандар жапырақтан, тамырдан, тіпті бір жасушаның өзінен жаңа өсімдік өсіріп шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Бұл, әсіресе, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін маңызды. Бір микроматериалдың ағашқа айналуына 2 жылдай уақыт қажет.



«Бұл Қызыл кітапқа енетін, сиреп бара жатқан өсімдіктермен жұмыс істеу үшін маңызды. Оның үстіне біз өсімдіктерді тұқымсыз өсіру тәсілдерін дамытуды бұрыннан қолға алғанбыз. Осы жағынан алып қарағанда да тиімді», - деді «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Бас директоры Ерлан Раманқұлов.



Көшеттер мен тұқымның жаңа сұрыптары бірден егілмейді. Ең алдымен, макро және микроэлементтермен шағын ыдыстарда жетілдіріледі. Будандастырудың ерекшелігі де осы. Өсімдік құрамындағы элементтерді бақылауға мүмкіндік бар. Көбейтудің жасанды әдісін қолданылса да, жаңа өскіндер табиғи қасиеттерін жоғалтпайды. Содан кейін көшеттерді елорда көшелеріне отырғызады.  



«Біз ақ теректі алдық, сосын қызыл кітапқа енетін өсімдікті алдық, яблони-недвецкого. Сиверс алма ағашы  мен малинск ағашын алдық. Қызғылт, әдемі гүлдейді, соны алдық. Астананың ауа райында жақсы өседі. Табиғатта өскен өсімдікті көп алып шығарамыз. Бір бүршіктен бірнеше мың өсімдік шығарамыз», - дейді «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Зертханасының меңгерушісі Алмагүл Кәкімжанова.



Қазақстандық ғалымдар осындай тың тәсілмен 3 жылдың ішінде 7 мыңға жуық ағаш егіп, өсіріпті. Алдағы уақытта өсімдіктерді будандастырудың өзге тәсілдерін қолданып, дамыту жоспарда бар.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сирек өсімдіктер #Ғалымдар #тың тәсіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);