AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады – Алан Пию

Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады – Алан Пию

Әлеумет 14.09.2022, 15:24 1,429
Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады – Алан Пию
Сурет: Ашық дереккөзі

300-ге жуық жоба іске асырылған


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пиюмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.



Тараптар ЕҚДБ-ның Қазақстандағы жаңа экономикалық реформаларды жүргізуге қатысу мәселелерін, 2023 жылға арналған инвестициялар мен өзара іс-қимыл жоспарларын, сондай-ақ алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.


Әлихан Смайылов 30 жылдың ішінде ЕҚДБ-мен бірлесіп экономиканың түрлі салаларында $10 млрд-тан астам сомаға 300-ге жуық жоба іске асырылғанын атап өтті.



"Қазіргі уақытта Үкімет Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы сапалы жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде азаматтарымыздың әл-ауқатының айтарлықтай өсуі қамтамасыз етілуі тиіс, сондықтан біз ЕҚДБ-ның осы бағытқа қатысып, қолдау көрсетуін қолдаймыз", — деді Премьер-Министр.



Өз кезегінде Алан Пию Қазақстанда қазіргі жобаларды жалғастыру және жаңа жобаларды іске қосу ЕҚДБ басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.



"Қазақстан ЕҚДБ-ға 100% сенім арта алады. Сондай-ақ біз елге 2060 жылға қарай экономиканы декарбонизациялауға қол жеткізуге көмектесуге мүдделіміз. Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға көшіруді осы бағыттағы флагмандық жоба деп санаймыз. Бұл – ірі және маңызды жоба, біз оған қомақты қаражат салуды жоспарлап отырмыз", — деді Алан Пию.



Сонымен қатар ол Банктің Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.



"Қазақстан Үкіметі өз тарапынан көп іс атқаруда, сондықтан біз әлдеқайда ірі жобаларды әзірлеп, іске асыруға дайынбыз", — деп атап өтті Алан Пию.



Кездесуді қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкіметтің Банкпен барлық бағыттар бойынша өзара тиімді іс-қимылды арттыруға мүдделі екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕҚДБ #жоба #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);