AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан елшілігі Оңтүстік Кореядағы жағдайға бай...

Қазақстан елшілігі Оңтүстік Кореядағы жағдайға байланысты өз азаматтарына үндеу жолдады

Әлем 04.12.2024, 10:59 1,297
Қазақстан елшілігі Оңтүстік Кореядағы жағдайға байланысты өз азаматтарына үндеу жолдады
скриншот

Кеше кешке Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі саяси ахуалға байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

“Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!” - делінген ресми хабарламада.

Кеше кешке елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеген Оңтүстік Корея президенті мұны елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін «мемлекетке қарсы күштермен» күресуге бағытталған шара деп түсіндірді.

Осыдан кейін елде дүрбелең басталып, президентке қарсы наразылық шаралары жүріп жатты.

Әскери жағдайға қарсылар президентті конституцияны бұзды және билікті тартып алмақ болды деп айыптады. Ұзамай Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы (парламент) әскери жағдайды алып тастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея #Юн Сок Ёль #әскери жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);