ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстан электр энергиясының 70%-ын көмір электр...

Қазақстан электр энергиясының 70%-ын көмір электр станцияларынан алып отыр

АЭС: Референдум 12.09.2024, 09:52 1,549
Қазақстан электр энергиясының 70%-ын көмір электр станцияларынан алып отыр
amanatpartiasy.kz
Халықтық штаб мүшелері Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағына барып, кәсіпкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

Халықтық штаб мүшелері Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағына барып, кәсіпкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. 

Бұл іс-шарада атом электр станциясы (АЭС) салу Қазақстанның экономикалық жағдайына қалай әсер ететіні туралы кеңінен айтылды. Штаб мүшелері АЭС салынған жағдайда тұрақты және қолжетімді электр энергиясын қамтамасыз ету арқылы кәсіпорындар мен зауыттар үшін өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік туатынын ерекше атап өтті.

Атап айтқанда, ұзақ мерзімге арналған мұндай электр станциясы электр энергиясының тұрақты әрі қолжетімді тарифтерін ұсынып, кәсіпорындардың тиімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде зауыттар мен фабрикалардың өндіріс шығынын азайтып, ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспортты кеңейтуге жол ашады. Штаб мүшелері АЭС салудың ел экономикасы үшін орасан зор серпін әкелетінін, әсіресе, өнеркәсіптік секторда алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіру мүмкіндігіне ие болатынымызды атап өтті.

Сонымен қатар, Штаб мүшелері кәсіпкерлерге Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша халықаралық міндеттемені қабылдағанын еске салды. Яғни, көмірмен өндірілген электр энергиясын пайдаланатын тауарларға әлемдік нарықта қосымша салық салынады, бұл қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының 70%-ын көмір электр станцияларынан алып отыр, бұл елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуында үлкен кедергі туғызуы ықтимал. Осыған орай, АЭС салу елдегі электр энергиясы өндірісін көмірден атом энергетикасына ауыстырып, қазақстандық өнімнің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында кәсіпкерлер мен жұмысшылар алдағы референдумға белсенді қатысып, АЭС-ты қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Олардың айтуынша, атом энергетикасын дамыту тек энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанда озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға, өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер атом энергетикасы Қазақстанның экономикасының жаңа деңгейге көтерілуіне, ғылым мен технологияны дамытуға, сондай-ақ өнеркәсіп саласын жаңғыртуға қажетті маңызды қадам екеніне сенімділіктерін жеткізді. Осылайша, АЭС-тың салынуы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық стратегиясының бір бөлігі ретінде қабылданып, оның тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы рөлі айрықша болатыны туралы ортақ пікір айтылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.