ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстан дзюдодан Grand Slam турнирін өткізу құқы...

Қазақстан дзюдодан Grand Slam турнирін өткізу құқығына ие болды

Спорт 06.02.2023, 04:09 1,143
Қазақстан дзюдодан Grand Slam турнирін өткізу құқығына ие болды
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир Grand Slam өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан дзюдодан беделді халықаралық турнир Grand Slam өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қазақпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер Қазақстанда Grand Slam әлемдік турнирін өткізу туралы төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.


Аталған келісімшартқа сәйкес, Қазақстан 2023 жылдан 2026 жылға дейін дзюдодан ең беделді халықаралық турнирлердің бірін өткізетін басты алаңға айналады. Беделді әлемдік турнирлердің бірі эксклюзивті атауға ие болды, әлемдік аламан дода «Qazaqstan barysy Grand Slam» деп аталатын болды.


Қазақстандағы турнирде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. Сонымен қатар, жарыс аяқталғаннан кейін дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері тұрақты негізде өткізілетін болады.



Қол қою рәсімі кезінде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, IJF үшін турнирді өткізу құқығын көптеген талантты спортшыларды баптап шығарған және спорт сүйер қауымы мен жанкүйерлері көп елге беру үлкен мәртебе екенін айтты. «Қазақстандық дзюдоның тарихы терең, сонымен қатар мұнда көптеген ірі турнирлер өткізіліп келді. Бұл елде Grand Slam турнирін өткізу дзюдоны дамытуға да, оны танымал етуге де жаңа серпін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Визер мырза.



Ал Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев еліміздің 2023 жылдан 2026 жылға дейін Grand Slam өткізу құқығын алуы дзюдо федерациясының орасан зор жетістігі және халықаралық турнирлерде Қазақстан Туын асқақтатып, лайықты өнер көрсететін барлық спортшылардың ортақ еңбегі екенін атап өтті.



«Қазақстанның дзюдодан ірі жарыстарды өткізуде айтарлықтай тәжірибесі бар екенін түсіну маңызды – біздің елімізде Гран-при жарыстары, «Masters» турнирі, ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, бірнеше рет Азия чемпионаты, сондай-ақ кадеттер арасындағы әлем чемпионаты тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ең бастысы, біздің дзюдошылар жоғары спорттық жетістіктерін көрсете білетін, әлемдік аренадағы үздіктердің бірі болып саналады», - деп атап өтті Қ.Есекеев.




Айта кету керек, Париждегі Grand Slam-да қазақстандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алды. Осылайша, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбиба Абажукынова Grand Slam-да қола медаль жеңіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.