AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан депутаттары қалалардың маңындағы ауыл тұ...

Қазақстан депутаттары қалалардың маңындағы ауыл тұрғындарын тіркеуге қатысты мәселе көтерілді

Әлеумет 30.11.2022, 11:40 990
Қазақстан депутаттары қалалардың маңындағы ауыл тұрғындарын тіркеуге қатысты мәселе көтерілді
Сурет: kazpravda.kz

Тұрғындардың санын ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер қажет.


Мәжіліс депутаты Мәди Елюбаев үлкен қалаларға жақын орналасқан ауылдардың мәселесін көтеріп, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Азаматтардың шалғайдағы ауылдардан қалаларға үнемі қоныс аударуы байқалып отыр. Дегенмен қаланың өзінде жылжымайтын мүлік алу оңайға емес. Сондықтан адамдар қалаға жақын тұрған елді мекендерге қоныстанады. Бұл ауылдардың инфрақұрылымы көп тұрғынға арналмағандықтан, адамдар сапалы әлеуметтік қызметтер (медицина, білім беру және т.б.) алу үшін қалаларда тіркеледі. Өз кезегінде, ауыл тұрғындарының санына сәйкес келетін ауылдың инфрақұрылымын құру үшін қолданыстағы заңнама талаптары бойынша осы елді мекенде тұратын түрғындар тіркелуі қажет. Тіркелмеген адамдар осы ауылда есепке алынбайды. Яғни, мұндай ауылдардағы ресми тіркелген халық саны нақты жағдайға сәйкес келмейді, кейбір жағдайларда айырмашылық 5-6 есеге дейін жетеді», - деді М. Елюбаев.



Осы орайда ол ауылда жалпы алғанда 30-35 мың адам тұрса, ал соның тек 5-7 мыңы ғана тіркелгенін айтты.



«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл ауылдарда тұрғындар толық тіркелмеген. Бүгінде статистиканы жүргізетін органдар ауылда тұратын халық саны бойынша нақты сандарды бере алмайды. «AMANAT» партиясының аумақтарды ойластырылған түрде дамыту жөніндегі міндетін орындау үшін елді мекендердегі тұрғындардың нақты санын ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер қажет. Бұл тұрғыда ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне тиісті іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, тұрғындардың саны мен құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін өзгерту керек. Екіншіден, уақытша тіркеуді қадағалау тетіктерін әзірлеу, республика азаматтарының тіркелуіне және уақытша тіркелуіне қатысты бақылауды күшейту қажет», - деді депутат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #парламент #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);