Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бойынша сәлемдемелердің ең ауқымды көлем...

Қазақстан бойынша сәлемдемелердің ең ауқымды көлемі Алматы қаласында

Әлеумет 11.10.2024, 15:24 1,375
Қазақстан бойынша сәлемдемелердің ең ауқымды көлемі Алматы қаласында
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қазақстан бойынша сәлемдемелердің ең ауқымды көлемі Алматы қаласында. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Рүстем Нұркен Қоғамдық коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Спикердің айтуынша, Алматы - қаржылық орталық болып саналады, өйткені мұнда бизнес те жақсы дамыған. Жалпы биыл 8 айдың өзінде 1,1 миллионға жуық хат-хабар, 1 миллионнан астам сәлемдеме жолданған.

«Біз бизнес саласымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп жатырмыз, соның ішінде бизнеске өзіміздің франчайзингтік бөлімшелерімізді ашуға мүмкіндік береміз. Қазіргі таңда 20-дан астам франчайзинг бөлімшелеріміз бар, сол 20 франчайзинг 8 айдың төңірегінде үлкен табыстарға жетуде. Жыл соңына дейін 40-тың төңірегіне жеткізуге жұмыстанудамыз», — деді «Қазпошта» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Рүстем Нұркен.

Ол сондай-ақ, жергілікті пошта ірі компаниялармен серіктес екенін атап өтті.

«Біз Ozon, Wildberries, Pinduoduo секілді ірі компаниялармен серіктеспіз. Осы компанияларға тапсырыстарды беру пунктін аштық: Wildberries - 7, Ozon - 3, Pinduoduo - 30. Электрондық коммерцияның қарқынды дамуына байланысты бұл нүктелерді әрі қарай көбейтетін боламыз», — деді Рүстем Нұркен.

Алматы қалалық поштасы бірқатар жаңа жобаларды іске асыруда. Солардың бірі соңғы 2 аптаның төңірегінде іске қосылған «үй жанындағы дүкен» жобасы. Спикердің айтуынша, бұл әрбір дүкенде «Қазпоштаның» сәлемдемелерін беруге мүмкіндік береді.
 
Жергілікті пошта филиалының директоры пошта қызметінде автоматтандырылған роботтарды пайдалану жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Қазіргі заманауи технологияларға «Қазпошта» да қалыс қалып жатқан жоқ. Озық технологияларды қолданамыз, Алматы қаласының сыртында ақпараттық-логистикалық орталық жұмыс жасайды. Ол Қазақстан бойынша сәлемдемелерді сұрыптайды. Сол орында сағатына 10 мың сәлемдемені сұрыптайтын автоматтандырылған машинаны құруды бастадық, жақында іске қосылады. Басқарма төрағасының бастамасымен жапон компаниясы Toshido-мен меморандум жасалды, фулфилмент қызметтерімізді тездету үшін автоматтандырылған роботтарды жеткізу туралы келісім бар. Сол келісім аясында фулфилмент қызметтерді дамытатын боламыз», — деді филиал директоры.

Сондай-ақ брифинг барысында пошта директорының орынбасары Забурина Надежда журналистердің «осал санаттағы адамдарға жеңілдік тарифтері бар ма?» деген сұрағына жауап берді.

«Иә, әрине, бізде зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері үшін белгілі бір жеңілдіктер бар, оған қоса олар кезектен тыс қызмет ала алады. Одан бөлек, корпоративтік клиенттер үшін де жеңілдіктер қарастырылған», — деді Забурина Надежда.

Құсайынов Берік, «Қазпошта» АҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары, алматылықтар ең көп пайдаланатын ТОП-3 қызметті атады.

«Алматылықтар ең көп пайдаланатын ТОП-3 қызмет: ЕМС жылдам жеткізу, сәлемдеме жолдау және арнайы тапсырыспен хаттар», — деді Берік Құсайынов.

Брифинг соңында спикерлер «Қазпошта» АҚ атын жамылып жүрген алаяқтардың көбейгеніне қатысты пікір білдірді.

«Орталық аппаратпен бірігіп, бұл мәселе бойынша күресудеміз. Әр филиалда оқыту секторы бар, бұл секторда қызметкерлер мен тұтынушыларға алаяқтарға алданбау жолын түсіндіріп отырады», — деп қорытындылады спикерлер.

Айта кетейік, 9 қазан — дүниежүзілік пошта күні. Алғашқы пошта бөлімшесі Алматы қаласында (Верный) 1860 жылдың 24 қазанында ашылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пошта күні #Алматы #Қазпошта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.