AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бітімгерлері миссияға дайын

Қазақстан бітімгерлері миссияға дайын

Әлеумет 19.12.2023, 11:20 1,435
Қазақстан бітімгерлері миссияға дайын
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

БҰҰ комиссиясы бітімгерлік операцияларға қатысуға жоспарланған қазақстандық әскери қызметшілердің материалдық-техникалық базасының жай-күйін және даярлық деңгейіне жан-жақты тексеру жүргізді.


Бір апта ішінде БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаментінің әскери контингенттерді қалыптастыру қызметін жоспарлау офицері Седрик Паскаль бастаған инспекторлар бітімгерлердің жабдықталуын, техникамен, қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, заттай, инженерлік, медициналық мүлікпен және РХБ-қорғаныс құралдарымен жабдықталуын тексерді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бітімгерлік дайындық әдістемесі мен жүйесіне, ағылшын тілін меңгеру деңгейіне ерекше назар аударылды.



– Онлайн-әңгімелесу барысында БҰҰ-ның түрлі құрылымдарының сарапшылары әскери қызметшілердің гендерлік теңдік және халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері бойынша білімдерін бағалады, – деп нақтылады ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин.



"Бітімгер" оқу орталығының базасында БҰҰ инспекторлары бітімгерлік базасын күзетуді қамтамасыз ету, тосқауыл бекеттерді ұйымдастыру, патрульдеу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде бітімгерлердің үйлесімділігін тексерді. Сондай-ақ, жарылғыш құрылғыны анықтау кезінде әрекет ету алгоритмі пысықталды.


Айта кету керек, біздің контингент бронды дөңгелекті машиналармен және жол талғамайтын көліктермен жабдықталған.



– БҰҰ стандарттарына сәйкес контингенттің қару-жарағында тұрған техника ақ түске боялған, сонымен қатар ол нақты міндеттермен толық жабдықталған. Мысалы, брондалған дөңгелекті машиналардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау үшін қайта жабдықталған, – деп түсіндірді материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы – орталық бастығының орынбасары подполковник Рустам Жанжүменов.



БҰҰ сарапшылары бітімгерлік контингентінің жеке құрамын даярлаудың және бітімгерлік операциялар орталығының нұсқаушы құрамының кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтті. Бітімгерлік контингенттің бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға дайындығын бағалау жөніндегі түпкілікті деректерді БҰҰ комиссиясы 2024 жылғы қаңтарда ұсынатын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Бітімгерлер #Қазақстан #Қарулы күш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);