AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ

Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ

Әлеумет 26.12.2024, 14:26 1,846
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
 

Қазақстан армиясы түрік өндірісіндегі Bayraktar ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) алуды жоспарлап қана қоймай, оларды ел аумағында өндіруді де қолға алмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz  ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрактардың арасындағы келіссөздер Стамбулда өткен Saha Expo – 2024 көрмесі аясында өтті.

«Тараптар Қазақстан аумағында тактикалық ұшқышсыз ұшу жүйелері мен барраждық оқ-дәрілерді жергілікті деңгейде өндіру бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді», — деп хабарлады министрлік.

Көрмеде қазақстандық делегацияға Bayraktar AKICI, Bayraktar TB3, Bayraktar TB2, Bayraktar Kalkan ұшқышсыз ұшу аппараттары мен Mosquito-X барраждық оқ-дәрілері таныстырылды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі мен Baykar компаниясы арасындағы жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды. Түрік тарапы Bayraktar Kalkan, Bayraktar Mini ұшқышсыз аппараттары мен Mosquito-X барраждық оқ-дәрілерін қазақстандық әскери сынақтар үшін тегін беруге ниетті екенін растады.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі өз тарапынан да ұшқышсыз жүйелер бойынша әзірлемелердің жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алматыдағы мамандар қазіргі уақытта әскерде сыналып жатқан дронға қарсы қаруларды жасап шығарған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Bayraktar #әскер #дрон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);