AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл басшылық қы...

«Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды

Әлеумет 16.03.2023, 18:11 958 Almaty-akshamy
«Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Ұлан Ғалымұлы Рысқұл 1986 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетін құқықтану, Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін қаржы, Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін дене шынықтыру және спорт  мамандықтары бойынша бітірген. 


Дзюдодан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, әлем кубогының күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы. Қазақ күресінен ҚР спорт шебері.


Еңбек жолын Астана қаласында ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК дзюдодан (ерлер) ҚР ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы болып бастаған.


Әр жылдарда ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру агенттігінің дзюдодан (ерлер) ҚР ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы, «Bagueri Asia» ЖШС менеджері, «Халықаралық «Qazaq kuresi» федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысының кеңесшісі, бас хатшысы лауазымдарын атқарды.


2021 жылдың сәуірінен – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Іле ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан барысы #спорт #басқарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);