AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан авиациясы мен iPADIS халықаралық ұйымы ө...

Қазақстан авиациясы мен iPADIS халықаралық ұйымы өзара келісімге келді

Әлеумет 17.10.2022, 10:58 1,119
Қазақстан авиациясы мен iPADIS халықаралық ұйымы өзара келісімге келді
Cурет: Egemen.kz

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі iPADIS халықаралық ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Келісім аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық авиация саласында тұжырымдамалық және практикалық тәсілдерді арттыруды және халықаралық ынтымақтастықтың озық стандарттарын дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар тараптар ұшу қауіпсіздігі, аэронавигациялық әлеует пен тиімділік, авиациялық қауіпсіздік және рәсімдерді оңайлату, әуе көлігін экономикалық дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті.



«Осы құжат арқылы Қазақстан Азаматтық авиация секторын дамыту жөніндегі өз міндеттемелерін нығайтады және еліміздің авиациялық әкімшілігі iPADIS сынды іргелі ұйымдармен байланысын арттырады. Бұл – авиация секторына оң әсер ететін инновациялық идеяларды әзірлеуге тың серпін бермек», - деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду.



Өз кезегінде iPADIS халықаралық ұйымының президенті Олумуйива Бенард Алиу Қазақстанның әуе әкімшілігімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін жеткізді.



«Біз өз тарапымыздан инновациялық технологиялар, оқыту, жолаушылар құқығын қорғау және әуе тасымалының жалпыға бірдей қолжетімділігі сияқты маңызды мәселелерде әрдайым қолдау көрсетуге даярмыз», - деді Олумуйива Бенард Алиу.



Айта кетейік, iPADIS әлемдік авиация саласындағы оң өзгерістерді тиімді қорғау үшін құрылған. Оның негізгі міндеті – халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейдегі авиация саясаты мен бағдарламаларды азаматтық қоғам тарапынан оңтайлы қарастыру. Ұйымның штаб-пәтері Канаданың Монреаль қаласында орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан авиациясы #халықаралық ұйым #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);