AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан авиациясы халықаралық сыйлыққа ие болды

Қазақстан авиациясы халықаралық сыйлыққа ие болды

Әлеумет 20.03.2023, 15:58 1,083 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан авиациясы халықаралық сыйлыққа ие болды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» сыйлығын алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтема жасап.



ИКАО Кеңесінің мүшелері, ИКАО Хатшылығы, түрлі мемлекеттердің авиациялық билік органдары, IATA, CANSO, ACI World, TIACA, iPADIS және ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары 2023 жылы Монреальда (Канада) өткен «Жаһандық байланыс мәселелері» әуе көлігі симпозиумына, әуе көлігі марапаттарын тапсыру рәсіміне қатысты.


Шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Air Transport News Corporate Award» сыйлығын алды. Бұл халықаралық авиациялық қауымдастығы тарапынан Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмыстарды мойындау болғаны анық. 


Марапат Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновке табысталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі - үш жыл бұрын халықаралық озық тәжірибелерге негізделген тиімді авиациялық орган болу мақсатымен құрылған жас реттеуші орган. 


Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейлерде авиациялық қатысуын одан әрі дамытуды және кеңейтуді жалғастырады.


2023 жылғы жеңімпаздар арасында ИКАО президенті Сальваторе Шиачитано, ERA бас директоры Монсеррат Баррига, IATA басқарушылар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане, Гайана азаматтық авиация басқармасының бас директоры Эгберт Филд,  TIACA, Wizz Air, iGA Стамбул әуежайы, SkyTeam бар.


ATN корпоративтік марапаты саланың халықаралық деңгейде танылуының ең жоғары деңгейін білдіреді және Қазақстанның авиациялық билік орындарын еліміздің азаматтық авиация саласының игілігі үшін өздерінің өршіл мақсаттарына жетуге және өз әлеуетін толық іске асыруға ынталандыратын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Авация #халықаралық #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);