AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан ауылдарында 473 денсаулық сақтау нысаны...

Қазақстан ауылдарында 473 денсаулық сақтау нысаны салынады

Медицина 13.06.2025, 15:48 812
Қазақстан ауылдарында 473 денсаулық сақтау нысаны салынады
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның мақсаты — медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту арқылы ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ұлттық жобаның шеңберінде 655 МСАК нысанын – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу жоспарланған. Бүгінгі күні 473 нысан пайдалануға берілді, қалған 182 нысанды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Жаңа нысандар тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 427 ғимараттың орнына, медициналық инфрақұрылымы жоқ немесе жалдамалы ғимараттарда орналасқан ауылдардағы 208 нысанның орнына, бұрын мүлде медициналық мекеме болмаған және мамандар жұмыс істемеген 20 елді мекенде салынып жатыр.

Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана ауданаралық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылуда.
Жобаның шеңберінде ауылдық медициналық мекемелер заманауи диагностикалық және зертханалық жабдықтармен, телемедицина аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарына өз елді мекендерінен шықпай-ақ, білікті дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік береді.

Жалпы ел бойынша ауыл тұрғындарына 3,5 мыңнан астам фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктті, 1300 дәрігерлік амбулаторияны, 148 емхананы,175 аурухананы қоса алғанда медициналық көмек көрсететін 5 мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ауылдар #денсаулық сатау нысандары #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);