ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан әскеріне 15 мыңнан астам адам шақырылды

Қазақстан әскеріне 15 мыңнан астам адам шақырылды

Әлеумет 15.07.2021, 14:25 1,522
Қазақстан әскеріне 15 мыңнан астам адам шақырылды
Сурет: Almaty.tv
Оның 6 000-нан астамы Қарулы Күштерге жіберілді.

Оның 6 000-нан астамы Қарулы Күштерге жіберілді.


Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен көктемгі әскерге шақыру кампаниясы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеңес барысында қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында өткен әскерге шақыру кампаниясының ерекшеліктері туралы баяндады.


Қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық шаралар жиын пункттерінде әскерге шақырылушылардың індетті жаппай жұқтыруын болдырмауға, әскерге шақыруды жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік берді.


Әскерге шақыру компаниясы кезінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 


Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар, олардың туған-туыстары жедел желі телефондары арқылы жеке әңгімелесу жолымен туындаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.



Бас штаб бастығының бірінші орынбасары жергілікті әскери басқару органдарының барынша ашықтығын және тұрғындарды өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету, әскерге шақырылушылардың туыстарымен тұрақты түрде кері байланыс орнату міндетін қойды.



Әскерге шақырылушыларда кездесетін сипатты ауруларға жүргізілген талдау анағұрлым кең таралған аурулардың көз, асқазан-ішек жолдарымен, омыртқамен, неврологиямен байланысты екенін көрсетті. 


Мамандар бұның себебін жастардың қимыл-қозғалысы аз өмір салтын ұстануымен, дұрыс тамақтанбауымен және гаджеттерді шектен тыс пайдалануымен байланыстырып отыр.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісті әкімдердің қаулыларымен тағайындалатын медициналық комиссиялар жұмысының сапасын арттыру тапсырылды.


Сонымен қатар, генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды «Жас сарбаз», «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысына, басқа да әскери-патриоттық және спорт клубтарына барынша тарту қажеттігіне назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.