ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан әскерінде взводтар даярлығы өтуде

Қазақстан әскерінде взводтар даярлығы өтуде

Әлеумет 18.02.2022, 11:17 1,589
Қазақстан әскерінде взводтар даярлығы өтуде
Сурет: Gov.kz
Мамандар білімдері мен далалық машықтарын жетілдіреді.

Мамандар білімдері мен далалық машықтарын жетілдіреді.


Қазақстан Қарулы Күштерінде, жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, взводтар құрамында бөлімшелерді үйлестіру жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерлерді даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жауынгерлік оқуға қатысты барлық шара армияның жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталып отыр. Жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтау бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып, кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл алдағы уақытта барлық жеке құрамның үйлесімді, нақты және жедел іс-қимылына қол жеткізуге мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Взводтарды даярлау барысында әскери қызметшілер білімдерін және далалық машықтарын жетілдіреді.



«Әскери қызметшілерді бөлімшелер құрамында үйлесімді іс-қимылға үйрету маңызды. Әр жауынгер, әр бөлімше қандай да бір жағдайда өзінің маневрін білуі тиіс. Ал командирлер кез келген жағдайда шешім қабылдауы керек», – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, подполковник Ерғазы Атаев.



Ұрысқа барынша келтірілген жағдайларда тактикалық міндеттер жүзеге асырылады. Взводтар құрамында әскери қызметшілерге марш жасау, тірек пункттерін жабдықтау, жауынгерлік тәртіпті қалыптастыру, қорғаныста ұрыс жүргізу, шабуыл жасау және заңсыз қарулы құрамаларға қарсы арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде келісілген іс-қимылдарды оқытады. Осы орайда тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс даярлығы, сондай-ақ жауынгерлік машиналарды жүргізу нормативтері пысықталады.


Взводтарды үйлестіру наурыз айының басында күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік атыс жаттығуларымен аяқталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.