AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан АҚШ-тың жетекші компанияларымен ынтымақт...

Қазақстан АҚШ-тың жетекші компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда

Экономика 12.03.2025, 16:03 633 dulatbekova
Қазақстан АҚШ-тың жетекші компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: Gov.kz

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының АҚШ-тағы шетелдік өкілі Марат Бірімжанның қатысуымен технологиялық шешімдер, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және энергетика салаларындағы ірі америкалық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, технологиялық алмасу және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz СІМ сайтына сілтеме жасап. 

Маңызды кездесулердің алғашқысы «Honeywell Technology Experience Center» орталығының өкілдерімен өткізілді. Кездесу барысында өнеркәсіптік автоматтандырудағы инновациялық шешімдер, баламалы авиаотын өндіру, өндірісті цифрландыру және Қазақстанда озық технологияларды енгізу мәселелері талқыға салынды.

Әлемдегі жетекші агроөнеркәсіптік «Archer Daniels Midland» корпорациясымен өткен келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, агросекторға озық технологияларды енгізу және экспорттық жеткізілімдерді кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесуде қазақстандық тарап астықты қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру бойынша әлеуетті жобаларды таныстырып, осы салалардағы өндірісті Қазақстанда жергіліктендіруге қолайлығы туралы атап өтті.

Оған қоса «Pfizer» компаниясымен өткен кездесудің басты тақырыбы Қазақстандағы фармацевтика саласын дамыту, заманауи биотехнологияларды енгізу және дәрілік заттар өндірісін жергіліктендіру мәселелері жайлы болды.

Сондай-ақ технологиялар, қауіпсіздік және цифрлық шешімдер саласындағы ірі америкалық компания «Leidos»-пен келіссөздер өтті. Бұл кездесуде интеллектуалды көлік жүйелері үшін технологиялық шешімдерді дамыту, маңызды инфрақұрылым мен өнеркәсіпті қорғау, Қазақстанда озық киберқауіпсіздік жүйелерін енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Бұдан былай қазақстандық делегация өкілдері АҚШ-тың су технологиялары саласындағы жетекші компаниясы «Xylem»-мен кездесу өткізді. Аталған кездесу су ресурстарын басқару, су тазарту және сапасын бақылаудың инновациялық жүйелерін енгізу бойынша бірлескен бастамаларды талқылауға арналды. Қазақ тарапы сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту үшін «Xylem» компаниясының озық шешімдерін пайдалануға мүдделілік танытты.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Ғ.Оспанкұлов америкалық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растап, америкалық тарапқа негізгі салаларда жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар мен тиімді қолдау тетіктерін ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АҚШ #жетекші компаниялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);