AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындал...

Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындалып жатыр

Өмір-өзен 05.09.2022, 05:59 1,720
Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындалып жатыр
Сурет: Redbook.fandom.com

Осы мақсатта Балқаш көлінің аумағында 415 мың гектарды құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған.


Қазақстан Амур жолбарысын жерсіндіру үшін дайындалып жатыр. Бұл туралы Владивостокта Шығыс экономикалық форумы аясында өтіп жатқан жолбарыстарды қорғау жөніндегі II халықаралық форумда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.



«Біз биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі конвенцияға қатысушы мемлекет ретінде экожүйені сақтау мен қалпына келтіруге қамқорлық жасаймыз. Өткен ғасырдың ортасында Тұран жолбарысы Қазақстан аумағында мекендегенін ескере отырып, жолбарысты жерсіндіру туралы шешім қабылданды. 2025 жылға қарай Қазақстан үкіметі реинтродукцияға алғашқы қадам жасайды деп үміттенеміз», – деді вице-министр.



Оның айтуынша, генетикалық зерттеулер Тұран жолбарысының ДНҚ бойынша Амур жолбарысына ең жақын екенін көрсетті. 2010 жылдан бері республикада жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы әзірленуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі Балқаш көлінің аумағында 415 мың гектарды құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрды. Мұнда 64 қызметкер жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолбарыс #тигр #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);