AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Қазақстан алғаш рет Венеция биенналесінде өз павил...

Қазақстан алғаш рет Венеция биенналесінде өз павильонын ұсынады

Көрме 22.04.2022, 04:18 2,081
Қазақстан алғаш рет Венеция биенналесінде өз павильонын ұсынады
Inform.kz

Көрмеге әлемнің 58 елінен 213 суретші қатысады, 430-дан астам жұмыс ұсынылады, олардың 80-і тікелей биенналеге арналған.


Биыл Қазақстан 59-шы Венеция биенналесіне тұңғыш рет өз ұлттық павильонымен қатысады. Атаулы іс-шара 23 сәуір мен 27 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұған дейін Қазақстан суретшілері биенналеге 2005 жылдан 2013 жылға дейін Орталық Азия елдерінің павильоны аясында, ал кейінгі жылдары жеке бастамалар аясында қатысып келген еді.


Қазақстан павильоны жобасын ORTA шығармашылық ұжымы мен Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі бірлесіп жеке қайырымдылық қорлар мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырып жатыр. Павильон тақырыбы алматылық суретші және жазушы Сергей Калмыковқа арналған, оның шығармашылығы британдық сюрреалист Леонора Каррингтонның «Арманның бал дәмі» атты кітабының құрметіне таңдалған биылғы биенналемен тығыз байланысты.


Осының негізінде отандық павильон әлемге әйгілі заманауи өнер қайраткерлерінің экспозицияларымен бір қатарда тұр.


Іс-шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ұйымдастырушыларға, меценаттарға, дипломаттар мен суретшілерге алғысын білдірді.



«Мұнда «Қазіргі заманғы өнер әлемінің олимпиадасы» таланттарды іздейді. Біздің әлемге көрсететін дүниелеріміз бар, мақтана алатын және таң қалдыратын нәрселеріміз бар. Барлық уақытта да суретшілеріміз өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас қолтаңбасымен дараланады», - деді министр.



Сондай-ақ, Дәурен Абаев Қазақстанның осы көрмеге қатысуы игі дәстүрге айналатынына және болашақта қазақстандық суретшілердің жоғары деңгейдегі шығармашылық жетістіктерінің куәсі болатынымызға сенім білдірді.



Өз кезегінде қазақстандық павильонның комиссары Меруерт Қалиева Венецияда қазақстандық павильонның ашылуымен қатар, биыл жазда Қазақстанда арнайы павильон бағдарламасы іске қосылатынын атап өтті.



«Келушілер соңғы бес жыл ішінде өзінің жаңашыл идеяларымен жұмыс істеп келе жатқан ORTA сияқты Калмыковтың әлеміне таң қалатынына сенімдімін. Венеция биенналесіндегі Қазақстанның ұлттық павильоны қазақстандық арт-сахнада көптен күткен оқиға болды, осы жобамен жұмыс істейтін команданың бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе. Өткен жылдары Венецияда Қазақстанның ұлттық павильонын талқылауға бастамашылық ету үшін қатарлас бағдарламалар, көрмелер мен жобалар ұйымдастырған суретшілердің, кураторлар мен өнертанушылардың күш-жігерінсіз павильон ашылмас еді», - деді Меруерт Қалиева.



Венеция биенналесі 1895 жылдан бастап Венецияда екі жылда бір рет өткізілетін ең беделді халықаралық көрмелердің бірі екенін атап өткен жөн.


Бұл айтулы оқиға әлемдік өнердің даму бағытын айқындайды, сондай-ақ заманауи трендтерді кеңінен таныстырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Көрме #Вениция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);