AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік...

Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік орындар тізіміне енді

Әлеумет 03.01.2025, 09:44 992
Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік орындар тізіміне енді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп танылды6 деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.

CNN Travel атап өткендей, Алматы — дәмі тіл үйіретін тағамдардан бастап, түнгі өмір, заманауи өнер мен мәдениеті өркендеп келе жатқан әлемдегі сирек қалалардың бірі. Сонымен қатар Тянь-Шань тауларының етегінде орналасуы саяхатшыларға табиғаттың таза сұлулығына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қаланың басты көрікті жерлеріне метрополитен станциялары, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшетін «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жатады. Сондай-ақ Алматы Neo Nomad асханасының отаны болып саналады. CNN Travel Медеу аңғарындағы AUYL мейрамханасын ерекше ұсынып, гастрономиялық саяхатты дәл осы жерден бастауға кеңес береді.

Редакторлар Алматыға жету бұрынғыдан да оңай бола түскенін атап өткен. Қала Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстерімен байланысады. Сонымен қатар Қазақстан көптеген ел, соның ішінде АҚШ, Канада, Аустралия және Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим ұсынады.

Алматы өзінің бірегей мәдениеті, табиғи байлығы және заманауи ерекшеліктерімен Орталық Азияның жетекші туристік орталығы мәртебесін нығайта түсуде.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://edition.cnn.com/travel/best-destinations-to-visit-2025/index.html 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #турист #қонақжай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);