AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақша джубокс-мюзиклі Парижде үздік дебют атанды

Қазақша джубокс-мюзиклі Парижде үздік дебют атанды

Мәдениет 03.11.2025, 15:23 409 yakiya
Қазақша джубокс-мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
постер

Қазақ киносы тарихындағы тұңғыш джубокс-мюзикл «Бақыт құшағында» фильмі Франция астанасында өткен «Festival du Film Kazakh» қазақ киносы фестивалінде «Үздік дебют» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кинофестиваль 29 қазан мен 2 қараша аралығында Парижде жетінші мәрте  өтті.

Фильмнің Франциядағы тұсаукесері фестивальдің жабылу салтанатында өтті. Іс-шараға киногерлер, сыншылар, сарапшылар және халықаралық киноқоғам өкілдері қатысты. Көрермен қатарында Париж қаласындағы қонақтар мен жергілікті қазақтар да көп болды. Көрермендер «Бақыт құшағында» мюзиклына жоғары баға беріп, ерекше әсер алғандарын жеткізді.

«Бақыт құшағында» – композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне негізделген алғашқы қазақстандық джубокс-мюзикл. Туындыда ұлы композитордың 12 әні симфониялық оркестр сүйемелімен қайта өңделіп, саундтрек ретінде жазылған. Фильмнің түсірілімі елордада бір ай ішінде толықтай қазақ тілінде өткен. Көріністерге 230-ға жуық актер қатысқан, ең ауқымды эпизодтардың бірінде 80 адам бір мезетте билейді. Картинаның режиссері – Санат Шапашов. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау білдірген.

Мюзикл қазақтың мәдени және рухани құндылықтарын жаңаша қырынан көрсетеді. Онда отбасы институтының мәні, аналарға құрмет пен ер азаматтың жауапкершілігі сияқты әлеуметтік тақырыптар кеңінен ашылады.

Айта кетсек, туынды 2025 жылдың 23 қазанында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай үлкен экрандарға жол тартқан. Қазір фильм еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Көрермендер әлеуметтік желілерде туындыдағы әндерге қосылып айту, көзге жас алу және қуанышқа бөлену сәттерін бөлісіп, өз әсерлерін білдіруде.

«Бақыт құшағында» мюзиклы қазақ киносының жаңа белесі ретінде ұлттық өнер мен креативті индустрияның дамуына серпін берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мюзикл #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);