конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақфильм» жер телімі мен ғимараттың сатылғаны т...

«Қазақфильм» жер телімі мен ғимараттың сатылғаны туралы қауесеттерге жауап берді

Әлеумет 03.11.2024, 15:31 1,554
«Қазақфильм» жер телімі мен ғимараттың сатылғаны туралы қауесеттерге жауап берді
Сурет: Astanatv.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер телімі мен бұрынғы «Қазкинопрокат» ғимаратының сатылғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Киностудияның өкілдері Facebook парақшасында бұл жер телімі мен ғимараттың әлі де студияның меншігінде екенін және сатуға жатпайтынын мәлімдеді.

Киностудияның мәліметінше, көрсетілген аумақтағы ғимарат апатты деп танылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кешенді сараптама ұйымдастырған.

«Мамандардың қорытындысы негізінде бұл ғимаратты қауіпсіз пайдалану бойынша одан әрі шешімдер қабылданады. Жер телімі мен ғимарат кешені сатылды деген ақпарат жалған. Бұл жалған ақпаратты таратуды жалғаса берсе, сотқа жүгіну құқығымызды сақтаймыз», — делінген киностудия мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, «Қазақфильм»өткізу режимінің қатаңдауы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қолданыстағы өткізу жүйесі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және студия мүлкінің сақталуына бағытталған. Бұл әлемдегі барлық киностудияларда стандартты тәжірибе.

«Мұндай шаралар киностудияларда кеңінен қабылданған тәжірибе және ұрлық, өрт және басқа да оқиғалардың алдын алу үшін қажет», — делінген хабарламада.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақфильм #жер телімі #ғимарат #қауесет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);