AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай...

Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды

Мәдениет 24.11.2024, 13:02 774 dulatbekova
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған марафон салтанатты түрде бастау алды.

Мерекенің алғашқы іс-шарасы Үрмелі музыка кеші болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл музыкалық кеште студенттік ұжымдар өнер көрсетіп, классикалық музыкадан бастап қазіргі заманға дейінгі әсем әуендермен көрермен ықыласына бөленді.

Сахнада үрмелі аспаптарда орындалатын түрлі әуендер ұсынылды. Оның ішінде кернейшілер ансамблі, флейташылар, кларнетшілер, үрмелі квинтет және үрмелі оркестр бар. Әрбір нөмірдің шабыт пен шеберлікке толы өз оқиғасы болды.

Бұл кеш үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының ұзақ жылғы еңбегі мен тарихына жасалған құрмет іспеттес. Кафедра мұрасы өнерге адал қызмет етуге баулыған түрлі буын музыканттарымен өлшенеді. 

Кештің арнайы қонағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсенбаев жетекшілік ететін ағаш үрмелі аспаптар квинтеті болды.

Қалқаман Дүйсенбаев та консерваторияны мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Мерейтойлық марафон 23 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жалғасады және Республика сарайының сахнасында өтетін салтанатты гала-концертпен аяқталады. Көрермен осы күндері танымал ұжымдар мен белгілі солистердің, сондай-ақ консерваторияның дарынды түлектерінің өнерін тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық консерватория #Құрманғазы атындағы #Мерейтой #80 жылдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);