ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай...

Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам концерт пен шеберлік сабақтары өтеді

Мәдениет 15.11.2024, 14:39 734
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам концерт пен шеберлік сабақтары өтеді
Сурет: Gov.kz
Биыл еліміздің музыка өнері үшін маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы өтеді.

Биыл еліміздің музыка өнері үшін маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы өтеді.

Консерватория мерейтойын көптеген өнер майталмандары атап өтті. Олардың қатарында скрипкашы Марат Бисенғалиев, баяншы Yves Moulin, опера әншісі Талғат Мұсабаевтар үлкен концерттер қойып, болашақ жұлдыздарға шеберлік сабақтарын жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сексен жылда консерватория Қазақстанды әлемге танытқан музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған ордаға айналды. Қара шаңырақ түлектерінің арасында Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты Қазақстанның халық әртістері, Еңбек сіңірген қайраткерлері мен дарынды музыканттар бар.

Консерватория 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін мерейтойлық марафонға барша көрерменін шақырады. Күн сайын қазақстандық музыканың бай тарихы, заманауи жетістіктері көрсетіледі. Бағдарламада халықаралық конференция, көрмелер және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған.

Қазақстанның жетекші музыканттары тәжірибесін бөлісу үшін шеберлік сабақтары мен кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Ресей скрипкашысы Назар Кожухарь, қазақтың дарынды дирижерлары Алан Бөрібаев пен Абзал Мухитдинов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және т.б. бар.

Мерейтойлық марафон 3 желтоқсан күні Республика сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Қазақстанның ең беделді сахнасында консерваторияның шығармашылық ұжымдары – оркестрлер, ансамбльдер, хор және солистер, сондай-ақ қонақ ретінде шақыртылған әртістер жиналады. Бұл кеш ұрпақтар арасындағы байланысты, музыкалық дәстүрлердің байлығы мен қазақстандық өнердің заманауи үлгісін көрсететін мерейтойдың қорытындысы болмақ.

Мерейтойлық марафон бағдарламасын консерватория сайтынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.