ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы к...

Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

Мәдениет 15.01.2025, 20:35 822
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
ашық дереккөз
Биыл Қазақстанның мәдениет және өнер саласына ерекше үлес қосқан Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова 80 жас мерейтойын атап өтеді. Осыған орай, 2025 жылғы 15 ақпан күні сағат 14:00-де Қазақстан...

Биыл Қазақстанның мәдениет және өнер саласына ерекше үлес қосқан Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова 80 жас мерейтойын атап өтеді. Осыған орай, 2025 жылғы 15 ақпан күні сағат 14:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында оның құрметіне арналған «Сахара сандуғашы» атты кітаптың таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында дүниеге келген. Ол С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 1966 жылы бітірген. Сол жылы еңбек жолын Қазақ радиосының дикторы ретінде бастап, онда 2002 жылға дейін үздіксіз қызмет етті.

Кәсіби мансабында Сауық Мәсіғұтқызы өзінің ерекше дауысымен халық жүрегіне жол тауып, Қазақ радиосының бетке ұстар дикторларының біріне айналды. Оның шығармашылығы мен еңбегі жоғары бағаланып, 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, ал 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілдi.

«Сахара сандуғашы» кітабы – рухани мұра

Мерейтой қарсаңында жарық көрген «Сахара сандуғашы» кітабы Сауық Жақанованың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Бұл кітапта оның өмір жолы, радиодағы қызметі, ұстаздық еңбегі және Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі қамтылған.

Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойы – қазақ руханияты мен мәдениетінің тағы бір жарқын беті.

"Сахара сандуғашы" атты кітаптың құрастырушылары - журналист Таңсұлу Алдабергенқызы мен шәкірті, радиожурналист Жазира Амантайқызы.

Кiтап "Атамұра" баспасынан жарыққа шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.