ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

Әлем 02.11.2022, 03:36 1,167
Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
Сурет:  thepaper.cn
Телехикаяда Риза қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдады

Телехикаяда Риза қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдады


Қытайлық белгілі өнер жұлдызы Риза Әлімжанқызы Flying Apsaras сыйлығын алды. Бұл туралы Қытайдың The Paper ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Биыл 33-ші рет үлестіріліп отырған Flying Apsaras сыйлығы Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапаты. Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды.


ҚазАқпараттың мәліметінше, «Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне мойын ұсынбай, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді.


1 қараша кеште Бейжіңдегі Шоуган аренасында өткен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы толқып тұрып: «Мен бақытты һәм талайлы жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, рақмет!» деп ағынан жарылды.


Ашық дереккөз бойынша, Риза Әлімжанқызы 1986 жылы шілдеде Бейжіңде туған. Өнер жолын орта мектепте әуесқой модель болудан бастаған, 2002 жылы Бейжің кинематография институтын бітіріп, актерлікке бет бұрадыү. 2011 жылы «Чжэнь Хуань-ның кешулері» телехикаясы арқылы танылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.