AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ қызы әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақ қызы әлемдік рейтингте көш бастады

Әлеумет 30.01.2025, 15:10 1,097
Қазақ қызы әлемдік рейтингте көш бастады
smartnews.kz

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтинг кестесін жариялады, және қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта көш басына шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мөлдір Жаңбырбай жақында Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер Лигасында қола медаль иеленген болатын. Бұл тамаша нәтиже оның әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Қазіргі рейтинг бойынша:

  • Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай
  • Иоргелис Салазар (Венесуэла) – 5350 ұпай
  • Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312 ұпай

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы каратеден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы. Сонымен қатар, ол 2021 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль, 2023 жылғы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Ханчжоудағы Азия ойындарында да екінші орынды иеленген болатын.

Мөлдірдің бұл жетістіктері тек спорттық ғана емес, қазақ спортшыларының халықаралық аренада табысты болатынын көрсететін үлкен үлгі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #әлемдік рейтинг #каратэ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);