AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жы...

Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жылға дейін жаңғыртылмақ

Оқиға 13.05.2022, 12:14 1,239 Almaty-akshamy
Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жылға дейін жаңғыртылмақ
Cурет: ИИДМ

Реконструкциялық жұмыстардан кейін бекеттің өткізу қабілеті 4 есеге артады


Жамбыл облысының Қордай ауылында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаттарының кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Депутаттар аймақтағы транспорт әлеуетін дамыту бойынша екі ел арасындағы бірлескен іс-қимылдар барысын талқылады. Сондай-ақ басқосуға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин де қатысты.


Қазақ-қырғыз шекарасында 8 өткізу бекеті бар. Оларды 2025 жылға дейін қайта жаңғырту көзделіп отыр. Кездесу барысында депутаттар "Қордай" және "Қарасу" өткізу бекеттеріне барды. Осы ретте айта кетерлігі, "Қордай" бекетін реконструкциялау жұмыстары өткен жылдың наурыз айында аяқталған болатын.


Жаңартылған пункт жаңа құралдармен, оның ішінде "Рапискан" инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталған. Автокөліктерге арналған қозғалыс жолағының саны 4-тен 8-ге дейін артты. Сонымен қатар өткізу бекетіндегі паспорттық бақылау кабинасының саны 34-ке көбейді. Бұған дейін олардың саны 13 болатын.


Реконструкциялық жұмыстардан кейін бекеттің өткізу қабілеті 4 есеге яғни, 6 мыңнан 25 мың адамға дейін артқан. Ал көліктер ағыны 2 жарым есеге ұлғайған. Бекеттің жаңғыртылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруда мультипликативтік әсерін тигізбек.
Сондай-ақ жаңарту жұмыстары алдағы уақытта "Қарасу" және "Бесағаш" шекаралық бекеттерінде де жүргізілмек. Өзге 5 пунктті модернизациялау жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылмақ.


Аймаққа сапар барысында депутаттар "Қарасу" және "Ак-Тилек" өткізу бекеттері арасындағы көпір құрылысының барысымен де танысты. Нысан құрылысы 2019 жылғы жаңа көпір салу және қолданыстағы көпірді реконструкциялау бойынша бірлескен іс-қимыл туралы Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асуда.


Көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы 2020 жылы әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы басталды. Көпір биылғы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек.


Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері автокөлік жолдары саласында ынтымақтастықты одан әрмен арттыру туралы өзара келісімдерге қол қойды. Тараптар өздеріне жүктелген міндеттемелерді уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #Бекет #қырғыз-қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);